Қызғаныштан атып тастаған: Өскеменде танымал спортшы көз жұмды
Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі
Фото: Қатон-Қарағай ауданының әкімдігі
15.01.2024 15:58
2740
Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде боксшы Эльер Юнусметовті атып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 13 қаңтар күні болған. Қанды қылмыс тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қаскөй 34 жастағы Эльер Юнусметовтің басынан екі рет атқан, спортшы сол жерде қайтыс болған.
Былғары қолғап шеберіне оқ атқан адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды. 27 жастағы ер адам мұндай әрекетке әйелін қызғанып барғанын айтты.
ШҚО полициясы өзге ақпарат жария етуге келмейді деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әкем анама 17 жыл өлең арнаған – Ильфа Ілиясқызы
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты