"Қызды болғым келеді". Белгілі блогер Айжан Байзақова арманын айтты
Фото: instagram.com/bayzakova
Фото: instagram.com/bayzakova
18.12.2023 01:37
1068
Танымал қазақстандық блогер Айжан Байзақова бүгін, 2023 жылдың 17 желтоқсанында қыз босанғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Айжан Байзақова Instagram желісіндегі оқырманының тосын сауалына жауап берді. Одан оқырманы жаңа туған ұлы кімге ұқсайтынын сұраған. Жауап беру кезінде ол енді қызды болғысы келетінін жасырмапты, үшінші баласының өзі сияқты болғанын қалайтынын да айтқан.
Блогер сондай-ақ нәресте күтіміне енесі мен анасы көмектесетінін атап өткен.
Айта кетейік, 2023 жылдың 28 қарашасында Айжан Байзақова екінші рет ана атанған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Дала қырандары» республикалық турнирі өтуде
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті