Жаңалықтар

Қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты

Қыз алып қашқаны үшін сотталған жігіт көпбалалы әке болып шықты
Фото: © Polisia.kz 20.10.2023 10:42 4566

Таразда досына қыз алып қашуға көмектескені үшін 7 жылға сотталған жігіт отбасылы болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айыпталушының жақындары жаза тым ауыр дейді. Бір қызығы тараздық бойжеткен кешірім берсе де жаза жеңілдемеген. Сол себепті шешімін өзгертіп, қайта аппеляцияға арыз берген.

Маңғыстаулық азамат Тараздың қызымен өткен жылы көктемде танысқан. Кездесіп, сөйлескеннен кейін үйленуге ұсыныс білдірген. Алайда қыз қарсы болып, телефонын көтермей байланысты үзуге тырысқан. Қыздан айырылғысы келмеген жігіт ақпан айында жігіт ақтөбелік досын ертіп келіп, қызды көлікке күштеп отырғызған. Болып жатқан жайтты көріп қалған көршілері бірден полиция шақырған. Екі жігіт  қаладан көп ұзамай қолға түскен.

Қамауға алынған қос азаматтың жанындағы жолдасы көпбалалы әке екен. Ол адам ұрлауға емес, досы отау құрсын деген жақсы ниетпен барғанын мәлімдеді. Сондықтан 7 жыл деген жаза тым ауыр дейді.

Досы қызбен кездесіп жүрмін, бір дастарқанда отырмыз деген соң барған, жаман ниетпен бармаған. Жігіт қызды бұрын көрген, сөйлескен. Қызбен кездесіп, сөйлесіп жүрген. 5 бала әкесіз жетім қалып отыр. 7 жыл деген тым ауыр. Сондықтан жазасын жеңілдетіп берсе деп сұраймын, - дейді айыпталушының әйелі Жанар Жанназарова.

Қызды алып қашуға еріп барған азамат бір отбасының жалғыз асыраушысы. Ал заң қадағалаушы орган өкілдері бұл ең төменгі жаза дейді.

Аталған тұлғалар Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсы 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл адам ұрлау дерегі бойынша ең төменгі жаза. Енді түпкілікті шешімді аппеляциялық саты қабылдайды, - дейді қалалық прокуратураның аға прокуроры Асылан Рақымбайұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда қыздың өзі де сотқа өтініш түсіріп, кешірімін берген. Жақын арада некелесетіні туралы да айтқан. де жеткізген. Сот әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға