Жаңалықтар

Қытаймен шекаралас аудандардың мәртебесі қайтарылмақ

Қытаймен шекаралас аудандардың мәртебесі қайтарылмақ
Фото: primeminister.kz 25.07.2023 10:22 1436

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің сөзінше, 2019-2022 жылдары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша шекаралас 260 ауылда 1500 мың жоба іске асырылғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Биыл 134 ауылда 300-ге жуық жоба іске асады. 2023-2027 жылдарға дейін бес жылдық жоспар бойынша ауылдық елді мекендерді дамыту негізіндегі тұжырымдамада шекаралас ауылдарды дамыту ерекше назарға алынуда. Оның ішінде базалық инфрақұрылым мен базалық қызметтермен қамту. Сондай-ақ интернет сапасын және байланыспен қамтамасыз ету, – деді ол.

Бұдан өзге тұрғын үй құрылысының шығындарын субсидиялау және ауыл шаруашылығына гранттар беру керек екенін айтты.

Туризмді және туристік маршруттарды дамыту үшін қазіргі таңда тиісті жол картасы әзірленіп жатыр. Шекралас аудандарға қарасақ, әсіресе Қытаймен шекаралас болатын кейбір аумақтарда қазір тиісті аудандардың мәртебесін қалпына келтіру қарастырылып жатыр, – деді ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға