Жаңалықтар

Қытайлықтар 2026 жылы жаппай ұшатын көлікке көшеді

Қытайлықтар 2026 жылы жаппай ұшатын көлікке көшеді
Фото: Видеодан кадр 09.03.2025 13:06 278

Қытайлық XPeng Motors компаниясы 2026 жылға қарай ұшатын автомобильдерді жаппай өндіріске енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Хэ Сяопэн мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі China Daily-ге сілтеме жасап.

Хэ Сяопэннің айтуынша, егер жоба белгіленген мерзімде жүзеге асса, XPeng әлемде ұшатын көліктерді сериялық түрде өндіретін алғашқы компанияға айналады. Сонымен қатар, ол көлік басқару жүйесін жасанды интеллектпен біріктіріп, ұшу қауіпсіздігін арттыратын жаңа технология әзірленіп жатқанын жеткізді.

Біз ұшу басқару жүйесін дамытып, оны жасанды интеллектпен үйлестіру арқылы ұшатын көліктердің қауіпсіздігін және пайдаланудың ыңғайлылығын жаңа деңгейге көтереміз, — деді Хэ Сяопэн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға