Жаңалықтар

Қытайлық кәсіпкер Қазақстанда жаңа кен орнын ашпақ

Қытайлық кәсіпкер Қазақстанда жаңа кен орнын ашпақ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 02.07.2024 15:30 13756

Астанада дәл қазір Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысына келген «Pacific Holding Company» басқарма төрағасы Цзян Сяофу Қазақстанда өз кәсібін бастауға ниет білдіріп, ұсынысын айтуға келіпті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасын нығайту бағытында және кен орнын ашуды көздеп отырмын. Қазақстанда тұрып жатқаныма төрт жылдай уақыт болды. Сонымен қатар Қазақстанда салынып жатқан LRT жобасына біздің компания да өз үлесін қосуда. Яғни, жобаға қатысты техникалық құрал-жабдықтарды біздің компания Қытай елінен алып келді,  – дейді Цзян Сяофу.

Бұдан өзге кәсіпкер елімізде кен орнын ашуды көздеп отырғанын жеткізді.

Наурыз айынан бастап кен орнына 1 млрд АҚШ доллары шамасында қаржы бөлінді. Кен орны Алматы өңірінде болады. Нақты қай орында ашылатынын ашып айта алмаймын. Әрине, мүмкіндік болса ұзақ жылмен осы жобаны бастауға ниет етіп отырмыз. Сондай-ақ бұл жоба бойынша Батыс Қазақстанға бару ойда бар, – дейді қытайлық кәсіпкер.

Сонымен қатар Цзян Сяофу бүгінгі екі ел арасындағы іскерлік кеңестің маңызды екенін атап өтіп, қандай да бір жаңа жобалар болса қолдауға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында сән-салтанатпен қарсы алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға