Қытайдың қазағы әлем біріншілігінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден
02.05.2023 21:33
1102
Бокстан Қытай құрамасының атынан шығатын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан Ташкентте (Өзбекстан) алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Таңатхан Армения өкілі Хамбардзум Акопянды жеңді.
26 жастағы боксшы Токиода (Жапония) өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай ұлттық құрамасының құрамында өнер көрсетіп, өз салмағында ҚХР чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл салмақ дәрежесінде әлемдік біріншілікте қазақстандық 22 жастағы Нұрбек Оралбай да өнер көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты