Жаңалықтар

Қытайды мойындатқан қазақ қызы Қазақстанның жетістіктеріне тәнті

Қытайды мойындатқан қазақ қызы Қазақстанның жетістіктеріне тәнті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.10.2023 17:30 2948

Қытай Халық Республикасының киносүйер қауымын мойындатқан актриса әрі режиссер, Қытай мемлекеттік сыйлығының иегері еліміздегі БАҚ-тарда миллиардты мойындатқан гауһар атанып кеткен қазақ қызы Жанар Сағатқызы «Отандастар» форумының шетте жүрген қазақтар үшін маңызы мен мәні жоғары екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның сөзінше, қазақ-қытай ынтымақтастығы күннен-күнге жақсарып келе жатыр.

Актриса өзінің Қазақстанда өткен студенттік жылдарын еске алды.

КСРО-да студенттік жылдарым өткелі арада 38 жыл өтіп кетіпті. Сол кезде тарихи Отаным Қазақстанның даму кезеңдеріне тәнті болдым. Жетістіктеріне қуандым. Оқып жүрген кездерімде бірнеше рет Алматыда болдым. Ал қазір Астананың сұлулығына тәнті болып отырмын. Мен осы жиынға, Астанаға шақырылғаным үшін көкірегімді мақтаныш сезімі кернейді. Сонымен қатар осы салтанатты жиында қандастарыммен пікір алмасып, қазақтың мәдениеті мен дәстүрін тереңнен сезінуге мүмкіндік алдым. Қазақ елінің жарқын болашағына бірге көз салғаныма дән ризамын. Бұл мен үшін өте маңызды және ұмытылмас тәжірибе, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға