Жаңалықтар

Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдана бастады

Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдана бастады
Фото: ©El.kz 24.08.2024 19:34 2030

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды ұлттық компаниядан.

Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға