Жаңалықтар

Қытайдағы отандасымыз референдумда өз таңдауын жасады

Қытайдағы отандасымыз референдумда өз таңдауын жасады
Фото: Ғазиза Ұзақ 06.10.2024 13:33 367

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің №389 учаскесінде қазақстандық Ғазиза Ұзақ АЭС құрылысына қатысты өз таңдауын жасап, дауыс бергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыздың сөзінше, Қытайдағы елшілікте дауыс беруге 236 қазақстандық тіркелген, соның әзірге 45% дауыс берген.

Мен өзім журналиспін, тәжірибе алмасу мақсатында Қытай елінің шақыртуымен оқуға келдім. Бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатыстым. Бұл ел болашағына әсер етуі мүмкін маңызды шешім және өз пікірімді білдіруде азаматтық борышым деп білемін. Дауыс беру барысында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің ғимаратында барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ойдағыдай өтті, – дейді ҚР журналистер одағының мүшесі Ғазиза Ұзақ.

Отандасымыз нәтижеге қарамастан, барша елдің дауысы мен пікірі негізінде қабылданған шешімдер ел игілігі үшін аса маңызды деп санайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға