Жаңалықтар

Қытайдағы этникалық қазақ қызы Азиада чемпионы атанды

Қытайдағы этникалық қазақ қызы Азиада чемпионы атанды
Фото: instagram.com/ahnaeradake 11.02.2025 14:25 439

Қытайдағы қандасымыз, спортшы Ақнәр Ардақ Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бүгін конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы командалық эстафетада жеңіске жетті. Ақнәр финалда Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге жүгірді.

Айта кетейік, Қытайдағы этникалық қазақ қызы Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанға бірден танымал болған еді.

Ал былтыр ол тұрмысқа шықты.  Ақнәрдің таңдауы қытай азаматына түсті. Жігіт те спортшы, конькиден ұлттық құраманың мүшесі, Бейжің олимпиадасының чепионы – Гао Тингю.

Конькиші жігіт әлеуметтік желідегі өз парақшасына Ақнәрмен құшақтаса түскен фотосуреттерді көптеп салып жүр. Екеуі де ауқымда жарыстарға қатар қатысып, бірге жүлдегер атанған.

Гао Тингю Бейжің олимпиадасында 500 метрге жүгіруден чемпион атанған.

Ақнәр биыл 1 маусымда 26 жасқа аяқ басады. Ол 1999 жылы Шыңжаңда дүниеге келген. Бастапқыда шорт-трек бойынша жарыстарға қатыса бастаған қандасымыз 2018 жылдан бері конькимен жүгіру бағытына ауысып, тұрақты шұғылдана бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға