Қытайда ұйғыр ауылдары мен көше атаулары ауыстырылып жатыр
Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
21.06.2024 18:36
746
Human Rights Watch есебіне сәйкес, Қытай билігі мәдени және діни мағынасы бар ұйғыр ауылдары мен қалаларының атауларын өзгертіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу барысында Шыңжаңда 630 елді мекеннің атауы өзгергені анықталды.
Uyghur Hjelp ұйымы таратқан құжатқа сәйкес, атаулардан мәдени және діни мағынасы бар сөздерді алынып, олар коммунистік партия идеологиясын айқындайтын атаулармен ауыстырылған. Билік Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейін, яғни 1949 жылға дейін болған ұйғыр басшыларының есімдерін де алып тастаған.
Есепте жаңа атаулар түгелдей қытай тілінің мандарин диалектісімен жазылғаны көрсетілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада полиция күніне арналған көрме өтті
Келесі жаңалық
Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасады