Жаңалықтар

Қытайда су тасқынынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

Қытайда су тасқынынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті
Фото: © Синьхуа 12.05.2023 11:00 1016

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юаньға (97 миллион доллар) бағаланады. Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Өткен аптадан бері Қытайдың орталық және шығыс аймақтарында жауған толассыз жаңбыр үлкен су тасқынына ұласты, салдарынан бір Цзянси провинциясының өзінде 536 мың адам зардап шегіп, 16 мың тұрғын эвакуацияланды.

Хабарламаға сәйкес, Цзянси провинциясында (Шығыс Қытай) су тасқыны салдарынан жүзден астам үй зардап шекті, 2,3 мың гектар аумақтағы егіс алқабы жойылды. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юаньға (97 миллион доллар) бағаланды.

Толассыз жауған жаңбырдан елдегі 21 өзенде су деңгейі қауіпсіз деңгейден асып кеткен.

Болжам бойынша, мамырдың 11-і мен 13-і аралығында Қытайдың оңтүстік аймақтарында, оның ішінде Гуандун, Хайнань және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында бір мезгілде нөсер жауын жауады.

Қытай Халық Республикасының Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік штабы бейсенбі күні кешке су тасқынына қарсы төтенше жағдай режимінің енгізілгенін хабарлады.

Жергілікті билік су басуы мүмкін аймақтарда орналасқан тұрғындарды эвакуациялау үшін алдын алу шараларын жүргізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға