Жаңалықтар

Қытайда халықаралық мектептер жабылуы мүмкін

Қытайда халықаралық мектептер жабылуы мүмкін
Фото: theguardian.com 16.01.2024 11:00 2159

2024 жылдың 1 қаңтарында Қытайда мектептегі білім берудің барлық деңгейлерінде патриоттық тәрбиені енгізу туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ventura Education консалтингтік фирмасының негізін қалаушы Джулиан Фишердің айтуынша, Қытай жастарды қалай оқытып жатқанын толық бақылауға алғысы келеді. Ал сарапшылар аталмыш заң шетелдік оқытушыларға кері ықпалын тигізеді және көптеген жеке халықаралық мектептердің жабылуына әкеледі деп дабыл қағып жатыр.

Британдық кеңестің мәліметі бойынша, қазір Қытайда шамамен 180 000 жеке оқу орны бар, онда 55,6 миллионнан астам адам оқиды — бұл елдегі барлық оқушылардың 13%. Мұндай мекемелердің көпшілігі Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу сияқты ірі қалаларда орналасқан және олардың барлығына қауіп төніп тұр. Кейбір оқу орындары бағдарламаға патриоттық білім беруді енгізіп жатыр, бірақ жеке халықаралық мектеп оқытушыларының бірінің айтуынша, дүниежүзі тарихы пәні Қытай тарихымен ауыстырылғаннан кейін, бейінді мұғалімдердің көпшілігі Қытайдан кетуге мәжбүр болды.

The Guardian мәліметінше, бес жыл бұрын жекеменшік халықаралық мектептер Қытайда көптеп ашыла бастады. Әдетте, шетелдік мектептер өз балаларына батыс стандарттарына сай білім бергісі келетін Қытайдың бай отбасыларына назар аударды. Мұндай оқу орындарының филиалдары тез ашылып, сұранысқа ие болды.

Бірақ Covid-19 пандемиясынан кейін жағдай өзгерді. Соңғы екі жыл ішінде бірнеше халықаралық жекеменшік мектептер жабылды.

2021 жылдың 1 қыркүйегінде білім беру туралы жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес қытай азаматтарын қабылдайтын жеке мектептердің атауына "халықаралық" және "әлемдік" сөздерін енгізуге тыйым салынады. Мысалы, Harrow International Beijing атауын LiDe деп өзгертті. Ал жеке оқу орындарының директорлар кеңесінің мүшелері Қытай азаматтары болуы керек. 

Шетелдік оқу материалдарына да тыйым салынды. Қорытындылай келе, 2023 жылы мемлекет тыңшылық әрекетке қарсы заң қабылдады, атап айтқанда, яғни, шетелге ақпарат беруге шектеу қойылды. Аталған заң әсіресе шетелдік бизнес өкілдері мен мұғалімдер үшін қиынға соқты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға