Жаңалықтар

Қытай Төрағасы Президентке құттықтау жеделхатын жолдады

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді
Қытай Төрағасы Президентке құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 21.11.2022 13:40 1391

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, 20 қараш күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кеше, 20-қарашада сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Бұған дейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев және Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров құттықтап, телефон арқылы сөйлескен болатын.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға