Жаңалықтар

Қытай мен Гонконг: Қазақстанға инвестициялық қызығушылық жоғары

Қытай мен Гонконг: Қазақстанға инвестициялық қызығушылық жоғары
Фото: gov.kz 14.09.2024 17:02 517

Қытайға ресми сапары барысында қазақстандық делегация Гонконгтың қаржы министрі Пол Чан Мо-по мырзамен, Гонконгтың сауда және экономикалық даму министрі Алджернон Яу мырзамен, Гонконгтың монетарлық ведомствосының (Monetary Authority) төрағасы Эдди Юе мырзамен, сондай-ақ Қытай мен Гонконгтың 12 ірі қаржы институтымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шарада қазақстандық делегацияны Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов басқарды. Делегация құрамында Қазақстанның Даму Банкі, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ мен «Қазақстанның инвестициялық даму қоры» (KIDF) өкілдері болды.

Тараптар Қазақстанның экономикалық дамуын және шетелдік бейінді компаниялардың Қазақстан аумағында бәсекеге қабілетті, өнімділігі жоғары экспорттық жобаларды құруға қатысуын талқылады.

Болашақта шикізатты жоғары өңдеу бойынша жобаларды іске қосу елдің ЖІӨ-ін айтарлықтай ұлғайтуға, өңдеуші секторға инвестицияны көбірек тартуға, экономикадағы өнімділік деңгейін әрі оның технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа бастамаларды жүзеге асыру Қазақстанның өңделген өнімдердің ірі және сенімді жеткізушісі ретіндегі рөлі мен маңыздылығын күшейтеді.

Кездесулер барысында Қытай және Гонконг жетекші компанияларының сараптамасы мен технологияларын Қазақстан аумағында күшті экспорттық жобаларды дамыту шеңберінде қалай пайдалануға болатындығы талқыланды. Алдағы айларда жоба деңгейіндегі ынтымақтастықтың нақты нүктелерін анықтау үшін талқылаулар жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға