Қытай АҚШ-қа сұйытылған газ импортын тоқтатты

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
19.04.2025 07:02
364
Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда қайшылығының ушығуы Қытайдың АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ (СПГ) импортын толық тоқтатуына алып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Financial Times басылымының жазуынша, АҚШ-тан Қытайға келген соңғы сұйытылған табиғи газ партиясы 6 ақпанда жеткізілген. Одан кейін ешбір тасымал болмаған.
Басылым Қытай компаниялары мен АҚШ арасындағы 2049 жылға дейінгі 13 ұзақмерзімді сұйытылған табиғи газ жеткізу келісімшарттары бар екенін айтқанымен, сарапшылар бұл келісімдерге қарамастан, Бейжің мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықтың болашағы белгісіз әрі бұлыңғыр деп отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем беріледі