Жаңалықтар

Қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтен тиімді шешімдер күтеді – Әлихан Байменов

Қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтен тиімді шешімдер күтеді – Әлихан Байменов
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.05.2023 11:12 1333

«Астана» мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Адалдық. Инновация» атты жылдық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің 30 елінің өкілдері мемлекеттік қызметтің тұғырлы үш мәселесін «Астана» хабтағы аталған конференцияда талқылауда.

Қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтен тиімді шешімдер күтеді – Әлихан Байменов

Конференция басында «Астана» мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов хабтың 10 жылдығымен құттықтап өтті.

Пандемия көрсеткендей, қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтерден уақытылы және тиімді шешімдер күтеді. Өз кезегінде бұл кәсібилік және ашықтықпен қатар халықаралық озық тәжірибені өз елінің игілігі үшін пайдалануды қажет етеді. Бұл да хаб жұмысының өзектілігін айқындайды, - деді «Астана» хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.

Қысылтаяң шақта азаматтар үкіметтен тиімді шешімдер күтеді – Әлихан Байменов

Халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызмет аясындағы тәжірибелерін ақпараттық тұрғыда бөлісе отырып, жобаларды бірлесіп ұйымдастыруға қашан да дайын екендерін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға