Жаңалықтар

Қыста жылусыз қалмаймыз ба? Энергетика министрі жауап берді

Қыста жылусыз қалмаймыз ба? Энергетика министрі жауап берді
Фото: © ОКҚ 01.09.2023 11:35 672

Былтыр Екібастұз халқы жылусыз қалды. Биыл бұл қателік қайталанбай ма? Бүгін Мәжіліске келген Энергетика министрі осы сауалға жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

 Үкімет жылу маусымына дайындықты бақылап отыр. Жергілікті атқарушы органдар мен энергетика саласының мамандары жылу орталықтарын бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда жылу маусымына дайындық жоспардағыдай өтіп жатыр. Мәселесі бар обьектілердегі жағдай қысқа дейін реттеледі. Біз үшін ең бастысы жылу маусымының басына дейін тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету. Сондықтан тек қана энергетика обьектілері емес, магистралды мекемелердің де жылумен қамтылуы маңызды. Жалпы жылу маусымына дайындық қалыпты түрде өтіп жатыр, - деді Сәтқалиев.

Министрдің сөзінше, кейбір обьектілерде жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен олар жылу маусымының басына дейін аяқталады.

Өңірлерді бақылау жұмысы барысында 80 пайыз обьектілерде персоналдары болмағаны белгілі болды.  Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарын іске асыру барысында обьектіге қосымша мамандар да керек болады. Сондықтан да биыл жылу маусымына дайындық барысында энергетика саласының қызметкерлерінің жалақысын өсіруді көздеп отырмыз», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға