Жаңалықтар

Қысқы Азия ойындарында жүлде алған армия спортшылары елге оралды

Қысқы Азия ойындарында жүлде алған армия спортшылары елге оралды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 16.02.2025 06:34 599

Қытайдың Харбинінен оралған Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атлеттерін қарулас достары, туыстары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанаға ҚР Қарулы күштерінің қызметшілері командалық эстафетасының күміс жүлдегерлері Надежда Степашина мен Ксения Шалыгина, сондай-ақ шаңғы жарысында 10 шақырымдық еркін стильдегі және командалық эстафетаның қола жүлдегері Олжас Климин келді. Азиада жүлдегерлерін күтіп алу әуежайда оркестр мен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті. Туыстары, достары мен жанкүйерлері оларды гүлдермен, құшақ жая қарсы алды.

Елге оралғанда осындай қолдауды сезінудің өзі керемет. Көңіл бөліп жатқан Қорғаныс министрлігінің басшылығына алғыс айтамыз. Қарсыластардың қарқыны мықты болды, барынша тырыстық. Алда көп еңбектеніп, барынша жұмыс істейтін боламыз, - деді ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Олжас Климин.

Сонымен қатар, Алматы әуе айлағында шаңғы эстафетасындағы күміс жүлдегер Кирилл Бауэрді, одан өзге биатлоннан командалық эстафетада қола жүлдегер Дарья Климинді салтанатты түрде қарсы алды.

Естеріңізге сала кетсек, Азия құрлығының ойындарында Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары бір алтын, екі күміс және үш қола медаль еншілеген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға