Қысқы Азия ойындарында Ұлттық құрама спортшылары бүгін қай уақытта сынға түседі
Бүгін, 9 ақпан күні Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бірқатар қысқы спорт түрлерінен маңызды жарыстар өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт сүйер қауым ски-альпинизм, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден өтетін жарыстарды тамашалай алады.
Ски-альпинизм сайыстары 07:30-да ерлер арасындағы жарыспен басталады. Ал 08:10-да әйелдер мен ерлердің финалдық бәсекелері өтеді. Шаңғы жарысында 5 шақырым қашықтыққа жүгіру бойынша әйелдер арасындағы финал 08:00-де басталады.
Конькимен жүгіру сайыстары да көрермендер үшін қызықты өтпек. 500 метрлік жарыста әйелдер арасындағы финал 09:00-де өтсе, 5000 метрлік жарыста ерлер финалы 09:56-ға жоспарланған. Сонымен қатар, командалық спринт бойынша әйелдер арасындағы финал 11:56-да өтеді.
Күні бойы өтетін жарыстардың ең қызықтысы шайбалы хоккей болмақ. Қазақстан әйелдер құрамасы Кореямен кездесіп, маңызды ойын өткізеді. Бұл матч 12:30-да басталады.
Керлинг (әйелдер құрамы)
- 06:00 – Қазақстан 🆚 Жапония
- 10:00 – Қазақстан 🆚 Тайбей
Шорт-трек жарыстары
- 07:00 – 1000 метр (әйелдер) – Финал
- 07:00 – 1000 метр (ерлер) – Финал
- 08:55 – 3000 метр эстафета (әйелдер) – Іріктеу кезеңі
- 08:55 – 5000 метр эстафета (ерлер) – Іріктеу кезеңі
- 09:42 – 3000 метр эстафета (әйелдер) – Финал
- 09:42 – 5000 метр эстафета (ерлер) – Финал
Тау шаңғысы (Ерлер, слалом)
07:00 – Финалдық сайыс
Фристайл-акробатика
- 07:00 – Әйелдер финалы
- 08:30 – Ерлер финалы
Барлық жарыстардың уақыты Астана уақытымен басталады. Жанкүйерлер сайыстарды "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруіне мүмкіндік қарастырылған.