Қысқы Азия ойындарында тау шаңғысынан ел намысын кімдер қорғайды?
Ақпан айында Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарында тау шаңғысынан Қазақстан атынан кімдер қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, аталмыш жарысқа баратын сегіз спортшыға бапкерлер зор сенім артып отыр. Олардың қатарында:
- Захар Кучин
- Ростислав Хохлов
- Алексей Кулаков
- Данил Сысоев
- Александра Троицкая
- Ксения Бережная
- Мария Шкабарова
- Александра Скороходова сынды атлеттер бар.
Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы нәтижелерін ескере отырып, фавориттер қатарына жатқызу қиын. Мысалы 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданы алсақ, сол турнирде Захар Кучин ел намысын қорғаған еді. Алайда спортшы алып слаломда қашықтықты еңсере алмады. Атлеттің айтуы бойынша бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
Сондай-ақ, әйелдер арасында Александра Троицкая өнер көрсетті. Өкінішке қарай, отандасымыз слаломда мәреге жете алмады.