Жаңалықтар

Қысқы Азия ойындарында қазақстандық әскери спортшылар сынға түседі

Қысқы Азия ойындарында қазақстандық әскери спортшылар сынға түседі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 09.02.2025 07:29 96

Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында 11 армия спортшысы IX Қысқы Азия ойындарына лицензия ұтып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7-14 ақпан аралығында Харбинде өтетін сынға Азия құрлығындағы 34 елден 1200-ден астам спортшы қатысып жатыр. 

Армия орталық спорт клубының өкілдері шаңғы жарысы мен биатлонда өнер көрсетеді. Шаңғы жарысы 8 ақпанда өтсе, ал биатлон 11 ақпанда басталады.

Спортшыларды шығарып салған Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов оларға жеңіс тіледі.

Биатлоннан өтетін жарыстарда ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Вадим Куралес, Александр Мухин, Дарья Климина, Арина Крюкова, Полина Егорова және спорт ротасының сарбазы Владислав Киреев ел намысын қорғайды. Бұл пәнде төрт медаль жиынтығы ойналады.

6 медаль жиынтығымен шаңғы жарысына ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ернар Нұрсебеков, Олжас Климин қатысады. 2017 жылы Жапонияның Саппоросында өткен сайысқа жеті армия спортшысы қатысып, бір алтын, жеті күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға