Қысқы Азия ойындарында ел спортшылары қандай жетістіке қол жеткізді

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындары өз мәресіне жеткені белгілі. Қазақстан құрамасы бұл құрлықтық мультиспорттық жарыста 20 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК-ның мәліметінше, біздің спортшылар төрт алтын медаль жеңіп алған. Чемпион атанғандардың қатарында биатлоншы Владислав Киреев, сондай-ақ ерлер арасындағы хоккей, шорт-трек және фристайл-акробатика командалары бар.
Айта кетейік, фристайлшылар Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын жүлде үшін тартыста олар Қытайдың әлемдік деңгейдегі спортшыларын басып озды.
Шорт-трекшілер де тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан бұл спорт түрінен ешқашан Азия ойындарының алтынын алмаған. Ал ерлер хоккей құрамасы бұл жарыста бесінші рет чемпион атанып отыр.
Харбинде күміс жүлдені Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас командалар арасындағы фристайлшылар иеленді.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарын жеті қола жүлдемен аяқтады. Олардың иегерлері: шаңғышы Олжас Климин, конькимен жүгіру спортынан командалық спринтте, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғы жарысы бойынша ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас, синхронды секіруден әйелдер командасы және биатлон эстафетасындағы әйелдер құрамасы.
