«Қыс-2025»: қазақстандық әскерилер жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтады
![«Қыс-2025»: қазақстандық әскерилер жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтады «Қыс-2025»: қазақстандық әскерилер жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтады](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141897/1200xauto_OglXVPqUGBVTVrpBZalpjBs6eVLmAoBS3AgVpMmK.jpg)
Түркияның Карс провинциясында жауынгерлік дайындықты нығайтуға және оған жұмылдырылған күш-құралдардың үйлесімділігін арттыруға бағытталған «Қыс-2025» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери маневрлерге Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Италия, Пәкістан, АҚШ, Түркия және т.б. әскери контингенттер қатысты.
Әскери қызметшілер асулар мен қарлы алқаптарды еңсеріп, елдімекендерде «ұрыс қимылдарын» жүргізді. Қалың қардан жолдың анық көрінбеуі мен күннің суықтығы бөлімшелердің қозғалысын қиындатты.
Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жедел тобы корпус пен бригаданың командалық пунктерінде шешім қабылдауға тартылған болатын. Офицерлердің миссиясы практикалық әрекеттерді жоспарлау және қыстағы төтенше жағдайларды ескере отырып, сақтық шараларын жасау болды. Офицерлер логистика мәселелерін пысықтап, бұйрықтар мен түскен есеп-қисапқа баға берді, - делінген мәліметте.
«Ақбаба» полигонындағы маневрлерге барлығы екі мыңға тарта сарбаз бен офицер, майдан және армия авиациясы, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, танктер мен сауытты транспортерлермен қоса ондаған техника жұмылдырылды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)