Жаңалықтар

Қырғызстанның бұрынғы президенті тағы он жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті тағы он жылға сотталды
Фото: ©AP/Alexander ZEMLIANICHENKO 12.06.2023 12:00 919

2005 пен 2010 жылдар аралығында Қырғызстан президенті лауазымын атқарған Құрманбек Бәкиев сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бішкектегі Первомай ауданының соты осындай үкім шығарған.

Kaktus.media мәліметінше, президент пен қылмыстық істің өзге қатысушылары алтын кен орнындағы жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танылды.

Бішкектің Первомай ауданы сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімімен Құрманбек Бәкиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 2021 жылғы 28 қазандағы 336-бабының 2-бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Үкімде оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте бұдан былай жұмыс істей алмайтыны айтылған.

Бұған дейінгі үкімдерді қоса алғанда, қашқын болып жүрген Бәкиев 30 жылға бас бостандығынан айырылған.

2010 жылы Бәкиев Қырғызстаннан кетіп, қазір Беларусьте тұрып жатыр. Өз елінде ол 30 жылға қамалған. Бішкек Минскіден оны экстрадициялауды талап еткенімен, Беларусь билігі одан бас тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға