Жаңалықтар

Қырғызстаннан ауру малдың еті тасымалданып жатыр ма?

Қырғызстаннан ауру малдың еті тасымалданып жатыр ма?
Фото: pixabay.com 03.07.2024 14:44 631

Әлеуметтік желіде Қазақстанға Қырғызстаннан ауру малдың еті әкелінді деген аудио хабарлама таралуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі аталмыш ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2011 жылғы 19 қазанда енгізілген шектеулерге сәйкес, Қырғыз Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы мал етін, сиыр, қой, шошқа етін әкелу жүзеге асырылмайды. Егер ет контрабандалық жолмен әкелінсе, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданады, - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Айта кетейік, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен шекарада төрт ветеринариялық-бақылау бекеті жұмыс істейді: Қарасу, Қордай, Сыпатай Батыр және Айша-Бибі, онда ветеринариялық инспекторлар бақылауға жататын тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық тексеру жүргізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға