Қырғызстанда жер сілкінді

Фото: © Shutterstock.com
Фото: © Shutterstock.com
05.09.2023 09:00
1172
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 06.08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жатыр.
Энергетикалық санаты – 10.0. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 40.93° с.е. 73.16° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті