Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізушісі ұсталды

Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.
Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр.
Зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды, - дейді Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаев.
Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында.
