Жаңалықтар

Қырғызстан су беруді азайтты: елімізде 7,8 мың гектар астық зардап шекті

Қырғызстан су беруді азайтты: елімізде 7,8 мың гектар астық зардап шекті
Фото: t.me/KZgovernment 22.08.2023 10:35 1009

Қырғыз Республикасы жағынан судың аз келуіне байланысты шамамен 7,8 мың гектар астық зардап шекті. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрайды.

Өңірде төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығындарын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінде дәнді дақылдар егісінің 45,1%-ы (7,8 млн га) жақсы, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн га) және 7,5%-ы нашар күйде (1,3 млн га). Павлодар облысында 181 мың гектар немесе астық дақылдарының 1%-ы жойылған, бұл ретте көрсеткіш орташа көпжылдық көрсеткіштен (2,4%) төмен екенін атап өтеміз, - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға