Қырғызстан президенті болашақты болжай алатынын мәлімдеді
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
03.09.2023 08:24
2131
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров республиканың болашағын 20-30 жылға алдын ала болжай алатын қабілеті барын мәлімдеді,
Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Мақтанғаным емес, бірақ мен 20-30 жылдан соң елде не болатынын және оның қалай дамитынын болжай аламын. Әдетте менің болжамдарым орындалады. Бұл маған жоғарыдан берілген сый шығар, - деді Садыр Жапаров.
Оның айтуынша, қазіргі таңда не болып жатқанына қарап-ақ болашақ туралы қорытынды жасауға болады.
Біз алға қойған міндеттерге міндетті түрде қол жеткіземіз. Ол үшін әрқайсымыз күндіз-түні үздіксіз жұмыс істеуіміз керек, - деді президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға