Сейсмикалық стансалар желісі 31 мамырда Алматы уақытымен 13 сағат 12 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 316 шақырым қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10. 9. Магнитудасы - 4.9. Эпицентр координаттары – 40.37° с.е. 77.14° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген Алматы қаласы ОСО кезекші оператордың хабарламасында.
Бөлісу:
