Жаңалықтар

Қырғызстан долларды елден шығаруға тыйым салды

Бұл шешім ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған
Қырғызстан долларды елден шығаруға тыйым салды
Фото: 7kun.kz 16.01.2023 21:06 1313

Қырғызстанда қолма-қол шетел валютасын әкетуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа сәйкес, резидент еместерге және шетел азаматтарына 5 мың АҚШ долларынан асатын шетел валютасын, Қырғызстан азаматтары мен резиденттеріне 10 мың доллардан астам сомаға шетел валютасын шығаруға уақытша тыйым салынады. Қырғызстан Республикасының азаматтары мен резиденттерінен 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны әкеткені үшін белгіленген лимиттен асатын соманың 10% көлемінде төлем алынады.

Елдің шекара және мемлекеттік кеден қызметтеріне қолма-қол АҚШ долларын әкетуге жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға