Жаңалықтар

Қырғыздарға «Барселона» келсе, Қазақстан Италияның «Интерін» күтеді

Қырғыздарға «Барселона» келсе, Қазақстан Италияның «Интерін»  күтеді
Фото: instagram.com/david_loriya 31.08.2023 09:20 1114

Күні кеше Бішкектегі Д.Өмірзақов атындағы стадионда атақты Каталонияның «Барселона» клубының Ривалдо бастаған аңыздары Орталық Азияның жұлдыздарымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойынға Қазақстаннан да бірнеше футболшы қатысты. Арасында Самат Смақов та бар. Матчтан кейін ұлттық құрама ең көп матч өткізген футболшы алдағы жоспарын айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

- Самат Қабірұлы, елімізде қашан осындай матч өтеді?

Бішкекке келе жатқанымда атақты аргентиналық Эстебан Камбьяссо хабарлама қалдырды. Ол Қазақстанда «Интер» аңыздарымен шоу матч өткізуге қалай қарайсың деп жазыпты. Мен бұл ұсынысқа бірден келістім. Бұйырса, елімізде 2010 жылы Чемпиондар лигасында топ жарған жұлдыздары бар «Интер» ардагерлерімен жолдастық кездесу өткіземіз, - дейді Самат Смақов.

Айта кетейік, «Барселона» аңыздары мен Орталық Азия ардагерлері арасындағы ойын 3:0 есебімен Ривалдо бастаған жігіттердің пайдасына шешілді. Кездесудегі үш голды Ривалдо, Хуан Пабло Сорин және  Хавьер Савиола соқты.

«Барселона» сапында Хесус Ангой, Жулиано Беллетти, Эдгар Дэвидс, Карлес Пуйоль, Роберто Гайосо, Йон Андони Гойкоэчеа, Хавьер Савиола, Лудовик Жюли, Джовани дос Сантос, Роджер Гарсиа, Ривалдо, Хофре, Сержи Роберто, Альберт Хоркера, Хуан Пабло Сорин, Франческо Коко ойнады.

«Азия» аңыздары сапында Заир Жалилов, Талант Самсалиев, Руслан Сыдықов, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Мухин Мұхамадиев, Сервер Джепаров, Валерий Березовский, Азамат Абдураимов, Садыр Жапаров, Давид Лория, Башир Саид, Фейсал Халил, Леонид Кошелев, Хуршед Махмудов, Хододад Азизи, Азамат Ишенбаев, Канат Сардаров, Бахтиёр Ашмуратов, Самат Смақов ойнады.

Қазақстан футболшыларынан Лория мен Карпович бірінші таймда алаңға шықса, Авдеев пен Смақов екі таймда да өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға