Қырғыздардан темекі алып, елге заңсыз кіргізгендер ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.01.2024 16:39
1190
ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңгені құрайтын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды.
Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты