Жаңалықтар

Қырғыздар тегіндегі «-ов», «-ев» жалғауларынан жаппай бас тартып жатыр

Қырғыздар тегіндегі «-ов», «-ев» жалғауларынан жаппай бас тартып жатыр
Фото: Pixabay.com 04.02.2025 14:22 163

Қырғызстандықтар тегіндегі «-ов», «-ев» жалғауларынан жаппай бас тартып жатыр. Бұл туралы KaktusMedia.  сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң жобасына сәйкес, тегіндегі жалғаудан бас тартқысы келетін қырғызстандықтар ешқандай мәселеге тап болмайды.

Жаңа заң жобасында фамилия мен әке атын жазудың жаңа нұсқалары ұсынылған:

Тегін жазғанда ата есіміне әке есімі қосылып, ұл балалар үшін «уулу», қыз балалар үшін «кызы» сөзі қосылады.

Ал тегі ата есімі негізінде жазылып, оған «теги» сөзі мен иелік жалғаулары қосылады:

Ұл балалар үшін: «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн»

Қыз балалар үшін: «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн»

Осыдан бірер үн бұрын Жогорку Кенеш спикері Нурланбек Шакиев өзінің тегін ауыстырып, құжатын Тургунбек уулу Нурланбек болып өзгертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға