Жаңалықтар

Қыран Талапбек шенеуніктің қызына үйленді

Қыран Талапбек шенеуніктің қызына үйленді
Фото: instagram.com/kyran_talapbek 17.07.2023 15:35 23882

Танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек шаңырақ көтерді. Оның таңдауы Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасарының қызы Гүлзада Тұрлаш есімді аруға түскен. Қыран Гүлзадаға үшінші кездесуінде ұсыныс жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қыран Талапбектің отбасылы болғаны туралы қуанышты хабарды әнші, жайдарманшы Қабдол Тілеков Instagram парақшасындағы stories-те хабарлады. Ол "Жастар бақытты болсын" деп, Қыран мен Гүлзаданың парақшаларын белгілеген. Бұл мәліметті Қыран Талапбек те, Гүлзада Тұрлаш та растады.

Қыран Талапбек Instagram парақшасына "Бақытымды таптым" деп бірге түскен алғашқы видеосын жүктеді. Жас жұбайлардың дос болып жүргеніне 2 жыл болған. Олар бірге саяхаттап, бірге жүрген сәттерінен суреттерін жариялай бастады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

Қыран да, Гүлзада да екінші рет отбасын құрып отыр. 

Еске сала кетейік, Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ұлы бар.

Кейін отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Қыран Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтқан еді.

Ал Гүлзада Тұрлаш тұрмысқа жас кезінде ақымақтықпен шыққанын жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға