Жаңалықтар

Қымыз ішіп, көлік айдаған адам жазалана ма? Заңгер жауап берді

Қымыз ішіп, көлік айдаған адам жазалана ма? Заңгер жауап берді
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 18.07.2023 11:40 2334

Заң бойынша қымыз ішіп, көлік тізгіндеген адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе? Бұл туралы адвокат Эльнура Кишкенебаева өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Заңгердің айтуынша, қымыздың құрамында 0,5% - 4,5%-ға дейін этил спирті бар.

Негізі масаюдың үш түрі бар. 0,5%-дан - 1,5%-ға дейін жеңіл, 1,5%-2,5% орта, 2,5%-дан жоғарылаған сайын ол қатты масаю болып табылады. Жалпы сізді көлік жүргізу барысында жол полиция қызметкерлері ұстаған жағдайда арнайы алкотест жүргізеді. Аталған көрсеткіштер болған жағдайда, яғни, масаюдың жеңіл түрі болса айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз. Ал масаюдың орта және ауыр түрін көрсететін болса, көлік жүргізу куәлігінен айырыласыз, - деп түсіндірді адвокат Эльнура Кишкенебаева.

Оқи отырыңыз:

Сондықтан көлік тізгіндеген кезде қымыз ішпеген дұрыс екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға