Жаңалықтар

Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру мәселелері талқыланды

Бұл туралы ҚМА мәлім етті
Қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру мәселелері талқыланды
Фото: bugin.kz 27.01.2023 20:39 1355

ҚМА Төрағасының Бірінші орынбасары Ғ. Садырбековтың төрағалығымен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңес мүшелері мен шақырылғандар АЖ/ТҚҚ бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, отырыста Қазақстан Республикасының ЕАТ өзара бағалаудан өтуінің аралық нәтижелері және «бетпе-бет» жоспарланған кездесулерді өткізу шеңберінде сарапшы-бағалаушылардың түйінді мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, Еуразиялық өңірдегі АЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелері қарастырылды, сондай-ақ анықталған АЖ/ТҚ өңірлік тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды қоса отырып, ведомстволардың жұмыс жоспарларына өзгерістер енгізу бөлігінде ұсыныстар әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің өзара бағалаудан сәтті өтуіне бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасында келісімдерге қол жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға