Қылмыстық жазаны тағайындау түрлері мен тәртібі өзгертіледі
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарды арнайы қабылдағыштарда қамауға алуға сотталғандарды ұстау, қамауда ұстау орындарында ерекше жағдайлар режимін енгізу кезінде қосымша шектеулер белгілеу, мекеме әкімшілігінің сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотқа жіберу мерзімдерін өзгерту, яғни өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей, - деп түсіндірді әділет вице-министрі.
Сондай-ақ Алма Мұқанова бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды орындау тәртібін, оның ішінде пробация қызметтерінің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын жетілдіру көзделгенін айтты.
Жергілікті бюджет есебінен пробация қызметтерін ұстау, химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу тәртібін өзгерту, пробация қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бірлесіп ұйымдастыру процесін егжей-тегжейлі регламенттеу, - деді Алма Мұқанова.