Қылмыстық топ жетекшісіне тиесілі 720 пәтер мен 356 көлік мемлекет меншігіне өтті

Камчы Кольбаевтың 720 пәтері Қырғызстанның пайдасына берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ 38 жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне өткен. Олар ғимараттар мен жер телімдері, 15 үлес пен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлік құралдары.
Бұл тәркіленген көліктер өз еркімен берілген және жобалар аяқталғаннан кейін халықаралық ұйымдардан алынған, – деді Медер Машиев.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Камчы Кольбаевтың 820-дан астам пәтері бар екенін, олар мемлекеттік ипотека арқылы қырғызстандықтарға берілетінін айтқан.Ол құрықтау кезінде қаза тапты.
