Жаңалықтар

Қылмыстық топ 5 млрд теңгеге заңсыз несие рәсімдеген

Қылмыстық топ 5 млрд теңгеге заңсыз несие рәсімдеген
Фото: ©El.kz/Нұркен АЛИШЕВ 17.04.2025 20:39 354

Ақмола облысының прокурорлары 450 тұлғаға қатысты заңсыз несие рәсімдеген ҰҚТ әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, былтырғы сәуір айында Зеренді ауданының прокурорымен аудан халқымен кездесу барысында белгісіз тұлғалармен әлеуметтік осал топтарына жататын аудан тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдеу фактісі анықталған.

Осыған орай аудан прокурорының бастамасымен жедел іздестіру шаралары басталған.

Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру Ақмола облысы прокуратурасының Арнайы прокурорларына жүктелген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден ақша қаражаттарын жымқырғаны әшкерленді. Топ мүшелерінің әрбір қатысушының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген, - делінген мәліметте.

Алаяқтармен 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімделген.  

Осы орайда еліміздің бірнеше облыстарының тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.  

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға