Жаңалықтар

Қылмыс әлемінің серкесі Серік "Голова" Жаманбаев өмірден озды

Қылмыс әлемінің серкесі Серік "Голова" Жаманбаев өмірден озды
Фото: Әлеуметтік желі 25.04.2025 11:41 240

Қазақстандағы қылмыстық ортада "Серік Голова" деген атпен танымал Серік Жаманбаев ұзаққа созылған сырқаттан кейін ауруханада көз жұмды. Ол онкологиялық дертке шалдыққан болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Серік Жаманбаев 1965 жылдың 21 қаңтарында Алматы облысының қазіргі Қарғалы ауылында дүниеге келген. Алғаш рет 1982 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталып, үш жыл түрмеде отырды. Бостандыққа шыққан соң көп ұзамай қарулы шабуыл жасап, 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы кезеңде ол қиын жағдайлардан жол тауып шыққаны үшін "Голова" (бас) деген лақап атқа ие болды.

1996 жылдың 26 мамырында Ресейдің Сочи қаласында ТМД елдерінің 40-қа жуық қылмыстық беделді тұлғаларының бас қосуында Жаманбаевқа "вор в законе" мәртебесі берілді. БАҚ деректеріне сүйенсек, жазасын өтеу барысында ол бейресми түрде елдегі түзеу мекемелеріне ықпал еткен. Жалпы алғанда, оның атына тоғыз рет сот үкімі шыққан.

Соңғы кездері Серік Жаманбаев қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен дәрігерлерге денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты шағымданған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға