Жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов Мұхтар Әбіләзовпен байланысы туралы шындықты айтып, ағынан жарылды

Қыдырәлі Болманов Мұхтар Әбіләзовпен байланысы туралы шындықты айтып, ағынан жарылды
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman 03.01.2024 10:49 2728

Әлеуметтік желіде әнші Қыдырәлі Болмановтың Мұхтар Әбіләзовпен бірге түскен суреті таралды. Әнші бұл жағдай қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер,білім үздіктерін халық атынан әділ марапаттау, (сарапшылар алқасы, Төрегелді Шарманов, Қадыр Мырзалиев, Ақселеу Сейдімбек сынды қазақтың ірі тұлғалары болатын. Сол марапаттауда Ұлытау тобы “Тарлан” сыйлығымен марапатталған. Фотодағы кісілердің барлығы, осы “Тарлан премиясының” “учредителдері” марапат алғаннан соң, суретке түстік.

Яғни, әнші бұл фотоның түсірілгеніне ширек ғасырдан астам уақыт өткенін атап өтті.

Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да. Әңгімелесіп те көрген емеспін. Ал Марғұлан Сейсембай Ұлытауда дүниеге келген азамат. Құрметтеймін, өте білімді, талантты, үлкен кәсіпкер. Бұл фотоға 25 жылдан астам уақыт өтіпті. Бір парақшадан байқап қалдым да. Әр нәрсенің қайыры бар деген, Сақтар дәуірінен қалып кеткен фото болса да салыңыз. Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға