Құтқарушылардың еңбекақысы 70 пайызға дейін көтеріледі
![Құтқарушылардың еңбекақысы 70 пайызға дейін көтеріледі Ақорда](/storage/storage/element/2023/02/14/mainphoto/37523/1200xauto_6BXWcrDesDxTjtS0ZgjKdCVPq5dfVjdi78vP1Odt.jpg)
Фото: Ақорда
14.02.2023
945
Мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.
Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.
Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)