Құтқарушылар жолда қалып қойған жолаушыны қар құрсауынан шығарды

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
04.01.2023 12:32
1777
Құтқарушылар жолда қалып қойған жолаушыны қар құрсауынан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ағымдағы жылғы 3 қаңтар күні 19 сағат 20 минутта «Самара-Шымкент» тас жолының 1091 шақырымында «Chanse» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып, 1 жолаушы жолда қар құрсауында қалып қойғаны жөнінде ақпарат келіп түсті.
Нәтижесінде құтқарушылар күшімен аталған автокөлік 1053 шақырымдағы «Айнагүл» кемпигіне жеткізіліп, 43-жастағы ер адам құтқарылды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды