Құтқарушылар төрт туристке ағыны күшті өзеннен өтуге көмектесті
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
18.08.2024 02:26
519
Үлкен Алматы шатқалында 4 адамнан тұратын 17-21 жас аралығындағы топ Японская дорога маршрутымен жүрген болатын. Бірақ кешке жақын уақытта адасып Үлкен Алматы өзенінің жағасына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Артқа қайтуға күштері таусылып, ал өзеннен өтуге арнайы жабдығы болмағандықтан, жастар құтқарушыларды шақырды.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары альпинисттік жабдықтардың көмегімен туристтерді өзеннен өткізіп, аман-есен қалаға жеткізді. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналық блогер Ақтаудағы судың сапасын көрсетті
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты