Жаңалықтар

Құтқарушылар тауда адасқан тағы бір туристі тапты

Құтқарушылар тауда адасқан тағы бір туристі тапты
Фото: ҚР ТЖМ 25.08.2024 14:07 506

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан тағы бір ер адамды тапты, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 23 тамызда Іле Алатауы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында 3 адам демалып жүрген.

Олардың біреуі - 1991 жылы туған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, қайта оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына жедел келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін 25 тамызға қараған түні құтқарушылар ер адамды тапты, - делінген мәліметте.

Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға