Жаңалықтар

Құтқарушылар Қарағанды облысында баланың басындағы бұйымды кесіп алды

Құтқарушылар Қарағанды облысында баланың басындағы бұйымды кесіп алды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 09.03.2025 21:47 358

Қарағанды облысында құтқарушылар балаға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің Нұра ауданына қарасты М. Мәметова көшесіндегі үйлердің бірінде бес жасар бала басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, өздігінен шеше алмаған. Сәбиге құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен баланың басынан оны абайлап шешіп алды.

Осы орайда ТЖМ балаларға қамқорлық жасап, оларды қараусыз қалдырмауды қаперге салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға