Жаңалықтар

Құтқарушылар Ертістегі апаттың алдын алды

Құтқарушылар Ертістегі апаттың алдын алды
Фото: ҚР ТЖМ 01.02.2025 19:46 79

Бүгін құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Павлодар облысы Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрді. Балалардың біреуі аяғымен мұз қуысына түсіп, жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді.

Белгілі болғандай, 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер. Зардап шегушінің аяғын құтқарушылар қарап, содан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - делінген мәліметте.

Құтқарушылар қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді. Тiптi мықтылығы жағынан мұз морт болуы мүмкiн, ал жасырын қуыстар өмiрге елеулi қатер төндiредi. Ата-аналарға балалармен су қоймаларына жақын жерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық әңгімелесу жүргізу ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға